Ақсу зауытында металл ұсақтау кезінде жұмысшы көз жұмды

Sputnik
АСТАНА, 20 сәуір – Sputnik. Павлодар облысындағы Ақсу ферроқорытпа зауытында металл ұсақтау кезінде жазатайым оқиға болды.
Салдарынан темір ұсатушы оқиға орнында қаза тапты.
"Оқиға туралы мемлекеттік органдарға хабарланып, тергеу амалдары басталды", - делінген хабарламада.
"Қазхром" басшылығы тапқан қызметкердің отбасы мен жақындарына көңіл айтып, компания отбасына қажетті көмек көрсететінін жеткізді.
Абай облысында шахтада жұмысшы көз жұмды