2026 жылдың бірінші тоқсанында қылмыс 9%-ке төмендеді

Ішкі істер министрі өңірлерге полиция бекеттерін орнату қажеттілігін еске салды
Sputnik
АСТАНА, 20 сәуір - Sputnik. Қазақстанда 2026 жылдың бірінші тоқсанында қылмыс 9%-ға төмендеді.
Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Үкімет жанындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында мәлімдеді.
Бұдан басқа, министр облыс басшылығына:
полиция бекеттерін салу және жөндеу;
жол қозғалысы ережелерін бұзуды автоматты түрде есепке алу жүйесін орнату;
коммуникация инфрақұрылымын дамыту қажеттігін еске салды.
Ал Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев өңірде 74500-ден астам камера орнатылғанын, оның 17400-ден астамы жедел басқару орталықтарына біріктірілгенін атап өтті.
Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат алу талаптары күшейтілді