Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украина бойынша келіссөздерді қайта бастау мәселесі әлі басымдыққа ие емес - Лавров

Sputnik
АСТАНА, 18 сәуір – Sputnik. Украина бойынша келіссөздерді қайта бастау мәселесі қазір басымдыққа ие емес, бірақ Ресей оларды Ыстанбұлға қайтару идеясын оң бағалайды, деді Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров.

"Біз Ыстанбұлда келіссөздерді қайта бастау мүмкіндігін (Украина бойынша - ред.) оң қабылдаймыз. Қазір бұл тақырып, келіссөздерді қайта бастау тақырыбы біздің істерімізде бірінші кезектегі мәселе емес", - деді Лавров.

Біз келіссөздер жүргізу бойынша ешкімнен ештеңе сұрамадық. Біз әрқашан (егер - ред.) егер серіктес дайын болса, біз бас тартпаймыз деген ұстанымдамыз, деді министр Анталия дипломатиялық форумында сөйлеген сөзінде.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Польша Украинаға дрон экспортын екі жыл ішінде шамамен алты есеге арттырды