Күн қайтадан жылынады – үш күндік ауа райы болжамы

Республика бойынша түнгі және таңғы уақытта тұман түсуі ықтимал
Sputnik
АСТАНА, 17 сәуір – Sputnik. Қазгидромет алдағы үш күннің ауа райы болжамын жариялады , деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
18-20 сәуір күндері скандинавиялық антициклонның әсерінен Қазақстанның солтүстігінде, шығысында және орталығында жауын-шашынсыз, біршама салқын ауа райын сақталады.
"Алайда ауа массаларының ауысуына байланысты температураның біртіндеп жоғарылауы күтіледі", - дейді синоптиктер.
Батыс пен оңтүстікте тұрақсыз ауа райы болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ал оңтүстік облыстардың таулы аймақтарында жаңбырмен бірге қар жауып, жел күшеюі мүмкін.
Республика бойынша түнгі және таңғы уақытта тұман түсуі ықтимал.
Күндізгі ауа температурасы:
батыста, солтүстікте және орталықта 15–23 градус жылы;
шығыста +10–18 градус;
оңтүстік пен оңтүстік-шығыста 17–28 градусқа дейін жылынады.
Жамбыл облысында оқушылар онлайн форматқа ауыстырылды