Газ қай өңірлерде тартылып жатыр

Биыл елімізде газдандыру бойынша 40 жоба іске асып жатыр
Sputnik
АСТАНА, 17 сәуір – Sputnik. Энергетика министрлігі газдандыру жұмыстары атқарылып жатқан өңірлердің тізімін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан министрліктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Бүгінде елде шамамен 13 млн адам табиғи газға қол жеткізген. Ал 2026 жылдың қорытындысы бойынша республикада газдандыру деңгейін 64,3%-ға жеткізу жоспарланып отыр. Былтырғы көрсеткіш- 62,4 процент.

"Биыл елімізде газдандыру бойынша 40 жоба іске асып жатыр. Нәтижесінде 10 елді мекенде 32 мыңнан астам тұрғын табиғи газға қол жеткізеді", - дейді министрлік мамандары.

Газ тарту жұмыстары Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан, Ұлытау және Жетісу облыстарында атқарылып жатыр.
Сондай-ақ, "Бейнеу – Бозой – Шымкент" магистральдық газ құбырының екінші желісінің бірінші кезеңінің құрылысы жалғасуда. Ағымдағы жылдың соңына дейін жылына 10 млрд текше метр газ өткізу қуатымен газ құбырының желілік бөлігінің құрылысын аяқтау жоспарланған.
Қарашығанақ газ өңдеу зауытының құрылысы жеделдетіліп жатыр