АСТАНА, 16 сәуір – Sputnik. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев вице-президент лаузамы қай кезде енгізілетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазіргі екі палаталы парламент 1 шілдеге дейін жұмыс істейді. Одан кейін жаңа Конституция бойынша Құрылтай жасақталады. Әшімбаевтың айтуынша, вице-президентті мемлекет басшысы Құрылтайдың келісімімен тағайындайды.
"Осы мәселелердің бәрі мемлекет басшысының құзіретіне жатады. Жалпыхалықтық референдумда қабылданған Конституцияда барлығы жазылған. Жаңа Құрылтай сайланғаннан кейін президент тиісті шешім қабылдайды", - деді сенат спикері.
Айта кетері, жаңа Конституция бойынша бір палаталы парламент жасақталады. Сенат болмайды. Қазіргі кезде президенттен кейінгі екінші адам - сенат спикері.