Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Еурокомиссия Украинаға несие беруді кешіктіріп жатқан елдерді анықтады

Украинаға жеті миллиард доллар аударуды кешіктіріп жатқандар қатарында Жапония, Ұлыбритания және АҚШ бар
Sputnik
АСТАНА, 16 сәуір – Sputnik. Брюссельде өткен брифингте Еуропалық комиссия өкілі Балаз Уйвари Ресейдің тыйым салынған активтерінен түскен кірістерден G7 ERA несиесі бойынша Жапония, Ұлыбритания және АҚШ әлі күнге дейін Украинаға 7 миллиард доллар аудармағанын айтты.
Бұл туралы РИА новости жазды.
"Үлкен жетілік" елдері Украинаға арналған бұл несиені 2024 жылы мақұлдаған болатын.
"ERA несиесі немесе G7 деп аталатын несие бойынша жалпы сома 45 миллиард долларды құрайды. Соңғы деректерге сәйкес, Украина G7 елдері берген несиенің 38 миллиард доллардан астам игеріп үлгерген. Оның бір бөлігі, яғни біздің үлесіміз, 18 миллиард доллар, қазірдің өзінде толығымен аударылды. Біз өз міндеттемелерімізді орындадық. Енді Украинаның мүмкіндігінше қалған қаражатты тезірек алуын қамтамасыз ету маңызды. G7 серіктестері де солай істесін", - деді ол.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Еурокомиссия Украинаға кредит беру мәселесін саммитке дейін келісуді жоспарлап отыр