Аграрлық сала өкілдеріне 612 млрд теңге жеңілдетілген несие берілді

Биыл көктемгі дала және егін жинау жұмыстарына 750 млрд теңге бағыттау жоспарланған
Sputnik
АСТАНА, 16 сәуір – Sputnik. 4,5 мың аграрлық сала өкілдеріне көктемгі дала жұмыстары үшін 612 млрд теңге көлемінде жеңілдетілген несие берілді.
Осы бағытта 2025 жылғы 1 қазаннан қабылдап жатқан "Кең дала 2" бағдарламасын іске асыру жалғасып жатыр.
Биыл көктемгі дала және егін жинау жұмыстарына 750 млрд теңге бағыттау жоспарланған.
"Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін түпкілікті сыйақы мөлшерлемесі жылдық 5%-ды құрайды. Бүгінгі күні 4,5 мың ауыл шаруашылығы тауар өндірушісі 612 млрд теңге көлемінде жеңілдетілген несие алды", - дейді министрлік.
Бұл 7,2 млн гектар егіс алқабын қамтып отыр.
Сонымен қатар "Даму" қоры арқылы несиелерге кепілдік беру тетігі қатар қолға алынған. Бұл тетік несие сомасының 85%-ына дейін кепілдік беруге мүмкіндік береді. Есепті кезеңде 191 млрд қаржыға 1 125 кепілдік берілген.
Алты проценттік кредит: шаруалар үшін екі бағдарлама іске қосылады