Алматы хайуанаттар бағында "Қызыл кітапқа" енген қонжықтар дүниеге келді

Құрманбек пен Герда жұбынан екі бірдей қонжық туды
Sputnik
АСТАНА, 15 сәуір – Sputnik. Алматы хайуанаттар бағында "Қызыл кітапқа" енген қонжықтар дүниеге келді, деп хабарлады қалалық әкімдік.
Алматы зообағында "Қызыл кітапқа" енген Тянь-Шань қоңыр аюларының жұбынан қонжықтар дүниеге келді.
"Құрманбек пен Герда жұбынан екі бірдей қонжық туды. Бұл аналық аюдың төртінші төлі. Қаңтар айында туған қонжықтар алғашқы айларын үйшікте өткізіп, енесін еміп қоректеніп өсті. Бүгінде олар өсіп, енесіне еріп вольерге шыға бастады", - деп жазылған хабарламада.
Әкімдік хабарлауынша, дәстүр бойынша Алматы зообақ қызметкерлері алматылықтарды жаңа туған бір еркек және бір ұрғашы қонжыққа ат қоюға қатысуға шақырады.
Қазақстанға Ресейден жолбарыстар сәуір-мамыр айларында жеткізіледі