АСТАНА, 14 сәуір – Sputnik. Үкімет ең төменгі жалақының мөлшерін 150 мың теңгеге дейін көтеруді қарастырып жатыр. Бұл туралы журналистерге сұхбат берген ұлттық экономика вице-министрі Азамат Амрин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Министрлер кабинеті халықтың табысын арттыру бойынша кешенді шараларды әзірлеуге кірісті. Соның ішінде ең төменгі жалақыны көтеру де бар.
"Қазір ең төменгі жалақының мөлшері 85 мың теңгені құрайды. Ал әлемдік тәжірибе бойынша оның көлемі медиандық жалақының 50 процентіне тең. Бізде медиандық жалақы – 302 теңге. Бұл дегеніміз, біздің міндетіміз – алдағы уақытта ең төменгі жалақыны 150 теңгеге дейін жеткізу", - дейді Амрин.
Оның айтуынша, барлығы республикалық бюджетке түсетін қаржының көлеміне байланысты. Егер кіріс көп болса, ең төменгі жалақыны көтеруге қаржылық мүмкіндік болады.