АСТАНА, 13 сәуір – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ бас хатшысы Таалатбек Масадыковты қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Президент ҰҚШҰ бас хатшысы Таалатбек Масадыковты қабылдады
© Пресс-служба президента Казахстана
Таалатбек Масадыков Қасым-Жомарт Тоқаевқа ҰҚШҰ бас хатшысы лауазымындағы жоспарын таныстырды.
"Кездесуде Ұйым қызметінің негізгі бағыттары бойынша, соның ішінде тұрақты жұмыс органдарының міндеттеріне қатысты көптеген мәселе талқыланды", - деп жазылған хабарламада.
Мемлекет басшысы ұйымды одан әрі дамытуға арналған бірқатар ұсынысын бөлісіп, Қазақстан тарапы ҰҚШҰ аясындағы ынтымақтастықты нығайтуға дайын екенін айтты.