Қазақстан наурызда мұнай өндіруді тәулігіне 250 мың баррельге арттырды – ОПЕК

ОПЕК елдері наурыз айында мұнай өндіруді тәулігіне 7,6 млн баррельге қысқартып, 29,76 млн баррельге дейін төмендетті. Бұған Ормуз бұғазының жабылуы себеп болған
Sputnik
АCТАНА, 13 сәуір – Sputnik. Қазақстан наурыз айында мұнай өндіру көлемін тәулігіне 250 мың баррельге арттырды. Бұл туралы ОПЕК есебінде айтылған.
Көктемнің алғашқы айында Қазақстан тәулігіне 1,7 млн баррель мұнай өндірген. Ресей мұнай өндіруді тәулігіне 3 мың баррельге арттырып, 9,17 млн баррельге жеткізді, алайда бұл рұқсат етілген деңгейден тәулігіне 407 мың баррельге төмен.
АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған шабуылдары және Иранның жауап соққыларынан кейін Ормуз бұғазы жабылып, соның салдарынан ОПЕК елдері мұнай өндіруді айтарлықтай қысқартқан, деп жазылған хабарламада.
ОПЕК хатшылығы Қазақстанға арналған артық мұнай өндірісін өтеу кестесін жариялады