АСТАНА, 13 сәуір – Sputnik. Ақмола облысындағы Бестөбе кентінде шахтаға түскен ер адам тамаққа қақалып өлді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Облыстық полиция департаменті бұл ақпаратты растады. Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалды. Марқұмның денесінде зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ.
"Алдын ала мәліметке сәйкес, ер адам тамаққа қақалып өлген. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу шаралары қолға алынды", - дейді полицейлер.
Ал әлеуметтік желіде тараған ақпарат бойынша марқұм Ақтөбеден келген. Шахтаға заңсыз түскен. Жерлесімен бірге шай ішіп отырғанда нанға қақалып қалған. Содан дем ала алмай, көз жұмған.