Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Песков Украина бойынша келіссөзге қатысты пікір білдірді

Sputnik
АСТАНА, 12 сәуір - Sputnik. Украина қақтығысын реттеу бойынша келіссөз күрделі болады, әрі тез емес, дейді Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков. Бұл туралы РИА Новости жазды.
Песков бұл туралы Ресей Федерациясы қарулы күштерінің Донбасс шекарасына шыққаннан кейінгі реттеу перспективасы туралы сөзінде айтты.
"Қалай айтсақ та, бұл өте күрделі, мұқияттылықты қажет ететін, жылдам аяқталмайтын келіссөз болады", - деді Песков "Вестиге".
Песков келіссөз барысында Украина тарапымен қақтығысты реттеудің барлық егжей-тегжейін анықтау қажет екенін атап өтті.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Ресей мен Украина әскери тұтқындармен алмасты