Фото

Айға ұшып бара жатқан ғарыш кемесінен Жер қалай көрінеді – 10 ғажайып сурет

"Орион" ғарыш кемесімен айға бағыт алған "Артемида-2" миссиясының экипажы бортта түсірілген бірегей суреттерді бөлісті.
Sputnik
Фотосуреттерде Айдың арғы беті бейнеленген, ал оның фонында Жер анық көрінеді. Кейінгі 50 жылда алғаш рет түсірілген бұл кадрлар Жер мен Айды ғарыштан басқаша қырынан көруге мүмкіндік береді.
Америкалық астронавттар Рид Вайзман, Кристина Кук, Виктор Гловер және канадалық Джереми Хансен мінген "Орион" ғарыш кемесінің экипажы Жерден 406 771 километрге шалғай кетіп, "Аполлон-13" экспедициясының рекордын жаңартты. 1972 жылдан кейін адам баласы Айға алғаш рет ұшып отыр.
1 / 10

Күн Айдың Жерді айналып өтуі кезінде толықтай Айдың тасасында қалды.

2 / 10

Айдағы Вавилов кратерінің көрінісі.

3 / 10

"Орион" ғарыш кемесінің терезесі арқылы түсірілген фотода Айдың жартылай Жердің тасасында қалған сәті көрінеді.

4 / 10

Айдың Оңтүстік полюс-Эйткен бассейнінің шығыс шеті осылай көрінеді.

5 / 10

Күн тұтылуы кезінде Күн сәулесімен жарықтанған Айдың бейнесі ғарыш кемесі камерасымен түсірілді.

6 / 10

Тағы бір суретте Айдың Жердің тасасында жартылай қалған сәті көрсетілген.

7 / 10

Күн Айдың артынан қайта көріне бастаған сәт.

8 / 10

Ортасында Ориентале ойысы анық көрініп тұрған Айды "Артемида-2" экипажы ғарыш кемесінің бақылау терезесі арқылы суретке түсірді.

9 / 10

Ғарыш кемесінің терезесі арқылы түсірілген Жердің шығу сәті.

10 / 10

Күн сәулесімен жартылай жарықтанған Ай бөлігі, Artemis II миссиясының экипажы ұшу кезінде түсірген.