Алматы облысында ер адам 3 кг сынапты 100 млн теңгеге сатпақ болған

Түркістан облысының 28 жастағы тұрғыны қамауға алынды
Sputnik
АЛМАТЫ, 12 сәуір - Sputnik. Алматы облысында ер адам 3 кг сынапты 100 млн теңгеге заңсыз сатпақ болды, деп хабарлады Алматы облысының полициясы.
Оны облыстық полиция департаментінің қызметкерлері прокуратураның үйлестіруімен қолға түсірді. Операцияға облыстық Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті де қатысқан. Қазіргі уақытта Түркістан облысының 28 жастағы тұрғыны уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Сынап буы адамды ауыр улануға әкеп соғады. Жүйке жүйе зақымданып, денеде және қоршаған ортада жиналып, ұзақ уақытқа дейін зиян келтіруі мүмкін.
"Улы қалдықтарды көмеді": Қазатомөндіріс желіде тараған видеодан кейін тур ұйымдастырды