Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украинадағы қақтығыс Ресейдің қауіпсіздігіне кепілдік берілмейінше реттелмейді - Лавров

Еуроодақта ешкім Ресейдің қауіпсіздік кепілдігі туралы бір ауыз сөз айтпай отыр, дейді ол
Sputnik
АСТАНА, 11 сәуір – Sputnik. Украинадағы қақтығысты Ресейдің қауіпсіздігіне кепілдік бермей реттеу мүмкін емес, бірақ Еуроодақ Украинаға кепілдік беру туралы ғана айтып отыр, деп мәлімдеді РФ сыртқы істер министрі Сергей Лавров.
"Келіссөз үстелінен орын іздеген Еуроодақ Украинаға бейбіт шешімнің негізгі элементі ретінде нақты қауіпсіздік кепілдігін беру қажеттігін айтты. Еуроодақта ешкім Ресейдің қауіпсіздік кепілдігі туралы бір ауыз сөз айтпай отыр, онсыз қақтығысты шешу мүмкін емес", - деді Лавров.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Еуропа Украина бойынша келіссөзді тоқтатуға тырысып жатыр – Лавров