Тоқаев Трампты "Артемида-2" миссиясының табысты орындалуымен құттықтады

Астронавтар кейінгі жарты ғасырда алғаш рет Айдың арғы жағын көрсетті
Sputnik
АСТАНА, 11 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Дональд Трампты "Артемида-2" миссиясының табысты орындалуымен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет басшысы "Артемида-2" миссиясының сәтті аяқталуына орай АҚШ президентіне құттықтау хатын жолдап, адамзаттың кейінгі жарты ғасырдағы Айға жасаған алғашқы сапары ғарышты игеруде тарихи кезеңге айналғанын атап өтті.
Президент АҚШ-тың озық ғылыми жетістіктеріне жоғары баға берді. Бұл дүние жүзіндегі ғалымдардың, инженерлер мен зерттеушілердің жаңа буынын жігерлендіріп, білім көкжиегін кеңейтетінін айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампқа "Артемида" бағдарламасын және ғарыш саласындағы басқа да бастамаларды іске асыруда табыс тіледі.
Қазақстан мен Өзбекстан президенттері бейресми кездесу өткізеді