Тоқаев Өзбекстанға жұмыс сапарымен барды

Бүгін мемлекеттер басшылары бейресми кездесу өткізіп, шаһардағы бірқатар тарихи және өнеркәсіп нысанын аралайды
Sputnik
АСТАНА, 10 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға жұмыс сапарымен барды, деп хабарлады Ақорда.
Бұхара қаласының әуежайында мәртебелі мейманды Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев қарсы алды.
Салтанатты қарсы алу рәсімінде Қазақстан президентінің құрметіне ұлттық ән мен би орындалды.
Бүгін мемлекеттер басшылары бейресми кездесу өткізіп, шаһардағы бірқатар тарихи және өнеркәсіп нысанын аралайды.
Қазақстан мен Өзбекстан президенттері бейресми кездесу өткізеді