Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Ресей президенті жариялаған атысты тоқтату туралы келісім күшіне енді

Ресей президентінің мәлімдемесіне сәйкес, ол 13 сәуірге дейін созылады
Sputnik
АСТАНА, 11 сәуір – Sputnik. 11 сәуірде Астана уақыты бойынша сағат 18:00-де Ресей президенті Владимир Путин жариялаған Пасха мерекесіне орай атысты тоқтату туралы келісім басталды.
Ол 2026 жылдың 12 сәуірінде күннің соңына дейін созылады.
Пасха мерекесіне арналған атысты тоқтату туралы келісім жариялаған Ресей Украина жағы да солай істейді деп болжап отыр. Дегенмен ресейлік әскерге қарсы тараптың кез келген арандатушылығының алдын алуға дайын болу тапсырылды.
Бұған дейін Путиннің ұсынысына жауап ретінде Зеленский Украина атысты тоқтатуды сақтайтынын мәлімдеген болатын.
Еске салайық, биыл Пасха кезінде атысты тоқтатуға дайын екенін айтқан еді. Алайда өткен жылы Мәскеу Киевтің Пасха бітімін 4 900 рет бұзғанын хабарлаған болатын.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Владимир Путин Пасхаға орай уақытша бітім жариялады