Ақтөбе облысында жол апаты болды: бір адам көз жұмып, үшеуі зардап шекті

Sputnik
АЛМАТЫ, 11 сәуір - Sputnik.️ Ақтөбе - Жайсаң тас жолында жол апаты болды, деп хабарлайды Ақтөбе облысының полиция департаменті.
Оқиға 10 сәуір күні сағат 23:00 шамасында болған. ВАЗ-2115 және Lada Granta автокөліктері соқтығысып, бір адам көз жұмды.
"Оқиға салдарынан ВАЗ-2115 автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында қаза болды. Ал Lada Granta автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушы түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді", - дейді полиция.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Атырау облысында жол апатынан бір үйдің екі баласы көз жұмды