АСТАНА, 10 сәуір — Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин алда келе жатқан Пасха мерекесіне байланысты уақытша бітім жариялады.
"Ресей Федерациясы Қарулы күштерінің жоғарғы бас қолбасшысы В.В. Путиннің шешімімен алда келе жатқан православиелік Пасха мерекесіне байланысты 2026 жылдың 11 сәуірі сағат 16:00-ден бастап 12 сәуірдің соңына дейін бітім жарияланады", — делінген Кремльдің ресми сайтындағы хабарламада.
"Біз Украина тарапы Ресей Федерациясынан үлгі алады деп есептейміз", - деп жазылған мәлімдемеде.
Қорғаныс министріне және Бас штаб бастығына осы кезеңде барлық бағыт бойынша әскери қимылды тоқтату туралы тапсырма берілді.
Сонымен қатар, әскерге қарсы тараптан болуы мүмкін арандатушылықты, сондай-ақ оның кез келген агрессивті әрекетін тойтаруға дайын болуды бұйырды.