АСТАНА, 9 сәуір – Sputnik. Ұлттық ұланның Астанадағы 5573 әскери бөлімінде пилоттық режимде жасанды интеллект бейнебақылау камералары іске қосылды.
"Оның басты ерекшелігі - әскери қызметшілердің күнделікті мінез-құлқын, іс-әрекетін және эмоционалдық жағдайын талдайды", - деп атап өтті Ұлттық ұлан.
Жүйе кескінді түсіріп қана қоймайды, сонымен қатар әскери қызметкерлердің мінез-құлқындағы өзгерістерді анықтайды.
"Егер әскери қызметшінің іс-әрекетінде агрессия белгілері байқалса, жасанды интеллект базасындағы жүйе бөлімше командирлеріне, тәрбиешілер мен психологтарға тиісті хабарламаны мессенджерлер арқылы жібереді", - деді Ұлттық ұланның ресми өкілі Әлібек Әбділов.
Бейнематериалдар мамандандырылған платформада сақталады. Бұл жүйені басқа әскери бөлімдерде де енгізу жоспарланып отыр.