АСТАНА, 9 сәуір – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Дина Исламбекова мен Надежда Рябецті бокстан Азия чемпионы атануымен құттықтады.
Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров жазды.
"Мемлекет басшысы боксшы қыздардың асқан шеберлігі, жеңіске деген ерік-жігері мен отаншылдық сезімі жанкүйерлерді тәнті еткенін айтты", - деп жазды Смадияров.
Президент ұлттық құрама мүшелеріне алдағы әлем чемпионаттары мен Лос-Анджелес Олимпиадасында биіктен көрінуіне тілектестік білдірді.
Еске салайық, бүгін Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда бокстан әйелдер арасындағы Азия чемпионатының әйелдер арасындағы финалдары өтті. Надежда Рябец Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы алтын жүлдені салды. Ол ақтық айқаста өзбек былғары қолғап шебері Рухшона Парпиева жұдырықтасты.
Ал аса ауыр салмақта бақ сынаған (+80 кг) Дина Исламбекова шешуші кезеңде Альфия Тараннум Хан Патанмен (Үндістан) жұдырықтасып, бес раунд нәтижесінде қазақ басым түсті.