Гагариннің ғарышқа ұшқанына 65 жыл толады: Байқоңыр әрі қарай қалай дамиды – видеокөпір

Sputnik Қазақстанның мультимедиялық баспасөз орталығында Астана-Байқоңыр видекөпірі өтіп жатыр, ол Ғарышкерлер күніне арналған. Тікелей эфирді көріңіз.
Sputnik
12 сәуірде адамның ғарышқа алғаш рет ұшқанына 65 жыл толады: Юрий Гагарин "Восток-1" кемесімен 108 минутта ғарыш кеңістігінде Жер шарын айналып өтті. Бұл бүкіл адамзат үшін айтулы оқиға болды. Гагарин қазақ жерінен, Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшты.
Қазіргі таңда Байқоңыр қалай дамып жатыр? Қала әкімшілігі қандай амбициялық міндеттер қойды? Турист тарту үшін қандай жоспар құрылған? Мерейтой қалай аталып өтеді?
Осы және басқа да сұрақтарға Байқоңыр қаласы әкімшілігінің басшысы Бусыгин Константин Дмитриевич жауап береді.