Астанада дәрігерді ұрған ер адамға қылмыстық іс қозғалды

Sputnik
АЛМАТЫ, 9 сәуір – Sputnik. Астанада психиатриялық орталықта медицина қызметкерін ұрған ер адамға қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Астана полиция
Астанада психиатриялық орталықта фельдшерді ұрған 47 жастағы ер адам ұсталды.
"Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 380-3 бабы "Билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері" бойынша қылмыстық іс қозғалды", - дейді полиция.
Еске сала кетейік, Астанадағы психиатриялық орталықта белгісіз ер адам дәрігерді соққыға жықты. Оқиғаның бейнезжазбасы әлеуметтік желіде тарады. Ол туысын көру үшін психиатриялық орталықтың қабылдау бөліміне келген. Кезекші фельдшер одан деректерін ұсынуды және қабылдау уақытына сәйкес келуді сұраған. Алайда ол талапты орындаудан бас тартып, медицина қызметкерін ұрып, оқиға орнынан бой тасалаған.