АСТАНА, 8 сәуір – Sputnik. Қазақстандық спортшы Алматбек Аманбек грек-рим күресінен Азия чемпионы атанды.
Қырғызстан астанасы Бішкекте өтіп жатқан күрестен Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті.
Грек-рим күресінен 72 кг дейінгі салмақтағы Ұлттық құрама спортшысы Алматбек Аманбек финалда ирандық Мұхаммед Жавад Резаидың жауырынын жерге тигізді.
Бұл - Қазақстан қоржынына түскен чемпионаттағы бірінші алтын жүлде.