АЛМАТЫ, 8 сәуір – Sputnik. Қазақстанда инфляция деңгейі алты ай қатарынан төмендеді, деп хабарлады үкімет.
"Инфляцияның тұрақты баяулау үрдісі сақталып отыр. Наурызда бұл көрсеткіш 0,6%-ды құрады, ал қаңтар-ақпан айларында инфляция сәйкесінше 1,0–1,1% болды", - деп жазылған хабарламада.
2025 жылдың қыркүйегіндегі ең жоғары мәннен кейін (12,9%) инфляция біртіндеп баяулауға көшті және 2026 жылдың наурыз айының қорытындысы бойынша 11,0%-ды құрады.
"Ресми мәлімет бойынша инфляция деңгейі 6 айдан бері төмендеп келеді. Қазіргі уақытта жылдық инфляция 11,0%-ды құрайды (2025 жылдың қыркүйегінде 12,9% шарықтау шегіне жеткеннен кейін)", - дейді мамандар.
Сонымен қатар, ҚҚС өзгеруіне байланысты қысқамерзімді баға өсімі қазірдің өзінде теңестірілген және ағымдағы инфляция қарқынына әсер етпейді.
ҰЭМ болжамына сәйкес, инфляция 2027 жылдың басына қарай бір таңбалы деңгейге жетуі мүмкін.