Ұзақ өмір сүрудің жолдары қандай – баспасөз конференциясы
10:45, 7 Сәуір 2026
"Sputnik Қазақстан" мультимедиялық баспасөз орталығында Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы басқарма төрағасының орынбасары Салтанат Назарованың Дүниежүзілік денсаулық күніне арналған баспасөз конференциясы өтіп жатыр.
Қазақстан медицинасын қандай қауіп-қатерлер күтіп тұр? Вакцинадан бас тартса не болады? Қазақстандықтар қандай аурулармен ауырады, неден жиі көз жұмады? Денсаулықты қалай сақтап, өмірді қалай ұзартуға болады?