Теңіз кен орнында мұнай өндірісі қалпына келтірілді

Бұған дейін Теңіздегі электр станциясындағы екі трансформатор өртеніп кеткен болатын
Sputnik
АСТАНА, 7 сәуір – Sputnik. Теңіздегі мұнай өндірісі қалпына келтірілді, деп хабарлады "Тенгизшевройл" компаниясының бас директоры Билли Лакоби мәжілістің осы мәселеге қатысты отырысында.
18 қаңтарда Теңіздегі ГТЭС-4 электр станциясында өрт шығып, Теңіз және Королевское мұнай-газ кен орындарын электрмен жабдықтауда қиындықтар туындады. Кейіннен өндіру тоқтатылды.
26 қаңтарда Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов кен орнындағы апатты жою жұмыстарының ұзаққа созылуына алаңдаушылық білдірді.
Энергетика министрлігінің мәліметінше, өрттен кейін шамамен 900 мың тонна мұнайды қайта толтыру жоспарланған.