АСТАНА, 7 сәуір – Sputnik. Ресейлік жаңа "Союз-5" зымыран тасығышы "Байқоңыр" ғарыш айлағының ұшыру кешеніне орнатылды. Бұл туралы "Роскосмос" мемлекеттік корпорациясының директоры Дмитрий Баканов хабарлады.
Ол бұл туралы "Ғарыш пен білім" танымдық марафонында айтты.
"2025 жылы біз "Союз-5" зымыранын әзірлеп бітіріп, жыл соңында барлық қажетті сынақтардан өткіздік. Қазір ол "Байқоңыр" ғарыш айлағына орнатылды. Бұл біздің "Бәйтерек" деп аталатын қазақстандық әріптестерімізбен бірлескен жобамыз. Жақын арада бұл жұмысты қалай жүргізгеніміз туралы жаңалықтарды еститін боласыздар", - деді Баканов.
Бұған дейін "Роскосмос" басшысы зымыранның таяу күндері ұшырылатынын айтқан болатын.
Жаңа "Союз-5" зымыранында құрастырылғаннан бастап өндіру цикліне дейін, сондай-ақ зымыран ұшырылатын сәтінен ұшқанға дейін озық технологиялар қолданылған. Зымыран "Бәйтерек" кешенінен ұшырылады - бұл "Қазғарыш" пен "Роскосмостың" бірлескен кәсіпорны.