Магнус Карлсен селфиден кейін 18 жастағы қазақстандық шахматшыға шағымданды

Бойжеткен новегиялықпен селфи жасады
Sputnik
АСТАНА, 5 сәуір – Sputnik. Әлем чемпионы Магнус Карлсен Германиядағы турнир алдында 18 жастағы қазақстандық шахматшы Алуа Нұрманмен селфиге түсіп, кейіннен оған шағымданды.
Бейнежазбаға қарағанда, Нұрман телефонын шығарып, 16-шы әлем чемпионына селфиге түсуді ұсынған. Норвегиялық шахматшы келіссе де, кейін төрешілерге барып, қазақстандық ойыншының телефон ұстап отырғанын айтып берген. Гроссмейстер ережеге сай техникалық құрылғыны алып тастауды талап етті. Алуа Нұрман телефонын тапсырды.