АСТАНА, 4 сәуір – Sputnik. Владимир Зеленский Ресейдің 33 азаматы мен 42 ресейлік компанияға қарсы санкциялар енгізді, деп хабарлайды РИА Новости.
Киев режимі бұған дейін де Ресейге қарсы бірнеше рет санкциялар енгізген, алайда олардың ешқандай практикалық салдары жоқ. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың айтуынша, Киевтің бірқатар ресейлік саясаткерлерге қарсы санкцияларына жауап берудің қажеті жоқ.
Ресейдің 33 азаматы мен 44 ресейлік компаниясына қатысты санкциялар енгізу туралы жарлық Зеленскийдің ресми сайтында жарияланған. Құжаттардың қосымшаларында Мәскеу, Қырым, Татарстан және Ресейдің басқа өңірлеріндегі кәсіпорындар көрсетілген.
Киев енгізетін санкциялар дәстүрлі түрде Украина аумағындағы активтерді бұғаттауды, лицензияларды жоюды, ресми сапарларды тоқтатуды, зияткерлік меншік нысандарын беруге тыйым салуды, сауда келісімдерін, мәдени алмасуларды, ғылыми ынтымақтастықты тоқтатуды, сондай-ақ барлық украин мемлекеттік марапаттарынан айыруды қамтиды.