Алты проценттік кредит: шаруалар үшін екі бағдарлама іске қосылады

Өтінім 6 сәуірден бастап қабылданады
Sputnik
АСТАНА, 3 сәуір – Sputnik. "ҚазАгроҚаржы" келесі аптадан бастап екі кредиттік бағдарлама бойынша өтінім қабылданатынын хабарлады.
"Өз жем-шөбіміз" бағдарламасымен жем-шөп дайындайтын техниканы және мобильді суару жүйелерін жеңілдікпен лизингке алуға болады. Шарттары:
сыйақы мөлшерлемесі 6%;
мерзімі 10 жыл;
алғашқы жарна 15 проценттен жоғары.
Сондай-ақ, екі жыл ішінде еңбекақы қоры мен салық түсімдерін 10 процентке арттыру міндеті бар.
Ал "Жеңілдетілген лизинг" бағдарламасы аясында ауыл шаруашылығы техникасын лизингке рәсімдеуге болады. Шарттары:
бастапқы жарнасыз;
сыйақы мөлшерлемесі 6 процент;
қаржыландыру мерзімі 10 жылға дейін.
Айта кетері, өтінім 6 сәуірден бастап қабылданады. Ол үшін Telegram-бот арқылы кезекке тұрып, "ҚазАгроҚаржы" ресми сайтында электронды өтінім жіберу керек, я болмаса, өңірлік филиалдарға жүгінуге болады.