Қазақстан 2029 жылға қарай ЖІӨ-ні 450 млрд долларға дейін жеткізуді жоспарлап отыр

Ол үшін инвестиция көлемін ЖІӨ-нің 14%-ынан 23%-ына дейін арттыру қажет, деп есептейді үкімет
Sputnik
АСТАНА, 2 сәуір – Sputnik. Қазақстан 2029 жылға қарай жалпы ішкі өнімді (ЖІӨ) 450 млрд долларға дейін еселеуді жоспарлап отыр, деп мәлімдеді ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов.
Оның айтуынша, жоғары экономикалық өсім қарқынын сақтау үшін инвестицияны ЖІӨ-нің 14%-ынан 23%-ына дейін ұлғайту қажет. Бұл абсолют мәнде 2029 жылға қарай 42 млрд доллардан 100 млрд долларға дейін өсімді білдіреді.
Қасенов соңғы бес жылда машина жасау саласына "Бәйтерек" ұлттық холдингі арқылы 1,5 трлн теңге бөлінгенін атап өтті. Сонымен қатар, өтінім болған жағдайда банк одан да көп жобаларды қаржыландыруға дайын.
2025 жылы "Бәйтерек" ұлттық холдингі несие портфелін 2,2 трлн теңгеге дейін ұлғайтып, алдыңғы рекордты екі еседен астамға арттырды. Холдинг банк секторындағы белсенділік артқан жағдайда қаржыландыруды жалғастыруға дайын.
Вице-министрдің айтуынша, қазіргі таңда бизнесті кредиттеудің 30%-ы "Бәйтерек" ұлттық холдингіне, ал 70%-ы екінші деңгейлі банктерге тиесілі. Экономика табысты өсу үшін бизнес тарапынан жобалар санын арттыру қажет.