АЛМАТЫ, 2 сәуір – Sputnik. Украинаның арнайы қызметтері Ресей азаматтарын террористік актілердің құралы ретінде пайдаланады. Бұл – қоғамдық қауіпсіздікке төнген үлкен қатер, деді Ресей Федерациясы тергеу комитетінің төрағасы Александр Бастрыкин РИА Новостиге берген сұхбатында.
"Украинаның арнайы агенттіктері арсыз әдістерді жүзеге асыруда. Олар біздің еліміздің тұрғындарын қылмыс жасау құралы ретінде пайдаланып жатыр. Бұл - қоғамдық қауіпсіздікке төнген өте үлкен қатер", - деді ол.
Тергеу комитетінің төрағасы мұндай схемаларға негізінен қарт адамдар мен кәмелетке толмағандар тап болатынын атап өтті. Қаскүнемдер әртүрлі сылтаумен адамдарды адастырып, заңсыз әрекеттерді жасауға мәжбүр етеді.
"Оңай табыс табамын деп үміттенген адамдар бұл әрекеттің неге әкеп соғарынан хабарсыз. Анонимді кураторлар арнайы тапсырманы орындатып алғаннан кейін оларды алдап, байланысқа шықпай қояды", - деді Бастрыкин.