Батыс Қазақстанда оқушылар автобусы жол апатына түсті

Жол апаты салдарынан зардап шеккендер бар
Sputnik
АЛМАТЫ, 31 наурыз – Sputnik. Батыс Қазақстан облысы Подстепное кентінде оқушылар автобусы жол апатына түсті, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Маршруттық автобус пен оқушыларды таситын автобус соқтығысқан.
"Алдын ала мәліметке сәйкес, Самара – Шымкент республикалық автожолымен келе жатқан маршруттық автобус мектеп автобусымен соқтығысып, оқушы тасыған автобус инерциямен алда тұрған автокөлікке соғылған", - дейді полиция.
Жол апаты салдарынан зардап шеккендер бар, олардың ішінде балалар да бар. Қаза болғандар жоқ. Барлығына медициналық көмек көрсетілді.
Қылмыстық іс қозғалып, маршруттық автобус жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазіргі уақытта оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.