АСТАНА, 30 наурыз – Sputnik. Қытай корпорациясы Павлодар облысында қуаты 1 ГВт болатын ірі жел электр станциясының құрылысын бастады, деп хабарлады Энергетика министрлігі.
Жобаны Екібастұз қаласында "State Power Investment Corporation" қытайлық корпорациясы мен "Pavlodar Green Energy" ЖШС бірлесіп жүзеге асырып жатыр.
"Құрылысқа тартылатын тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 1,2 млрд долларды құрайды, ал нысанды 2029 жылы пайдалануға беру жоспарланған", - деп жазылған хабарламада.
Жаңа ЖЭС-тің басты технологиялық ерекшелігі — қуаты 300 МВт болатын энергия жинақтау жүйелерімен жабдықталған. Бұл шешім еліміздің Біртұтас электр энергетикалық жүйесіне тұрақты қуат беруге мүмкіндік береді.
Станция іске қосылғаннан кейін жылына 3,4 млрд кВт·сағ электр энергиясын өндіреді.