АСТАНА, 30 наурыз – Sputnik. Атырау облысында болған жол апатынан бір үйдің екі баласы көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қайғылы оқиға 26 наурыз күні Доссор кентінде болған. Toyota Estima көлігі қарсы жолаққа шығып, Opel-мен бетпе-бет соқтығысқан. Одан неміс көлігі аударылып кеткен.
"Жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға арналған кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жария етілмейді", - дейді полицейлер.
Жол апаты салдарынан Opel-де болған екі бала ауыр жарақат алды. Екеуі де ауруханада көз жұмды.