АСТАНА, 28 наурыз – Sputnik. Халықаралық тасымалдың 80%-дан астамы ШЫҰ елдерінің үлесінде, деп мәлім етті "ҚТЖ" ҰК" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Марат Шәкенов Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің теміржол әкімшіліктері басшыларының 6-шы кездесуінде.
Марат Шәкенов отырысқа қатысушыларға компания жұмысының рекордтық көлемі туралы деректерді ұсынды. 2025 жылдың қорытындысы бойынша жүк тасымалы тарихи максимумға – 320 млн тоннаға жетті, бұл 2024 жылғы көрсеткіштен 5,5% жоғары.
Бұл ретте халықаралық тасымалдардың көлемі 143 млн тоннаға жетті, 80%-дан астамы (115,3 млн тонна) ШЫҰ елдеріне тиесілі, өткен жылға қарағанда 6% өсімді көрсетті. Ал биылғы жылдың алғашқы екі айында тасымалдау көлемі 19,8 млн тоннаны құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 10%-ға артық.
"Бұл нәтиже Қытай, Ресей, Беларусь, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан темір жолдарымен екіжақты негізде де, көпжақты форматта да үйлесімді бірлескен жұмыстың нәтижесі", - деп атап өтті ол.
Отырыс соңында тараптардың логистикалық жүйелерді одан әрі интеграциялау және халықаралық көлік дәліздерін дамыту жөніндегі ниеттерін бекіткен хаттамаға қол қойылды.