Қостанайда бір аптадан бері іздестіріліп жатқан бозбаланың мәйіті табылды

17 жастағы бозбаланы іздеу жұмыстары 19 наурызда басталған
Sputnik
АСТАНА, 28 наурыз – Sputnik. Қостанайда бір аптадан бері іздестіріліп жатқан бозбаланың денесі табылды, деп хабарлады полиция.
Кәмелет жасына толмаған баланың хабар-ошарсыз жоғалу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

"Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері Гагарин бөгетіне жақын орналасқан қамыс алқабынан оның денесін тапты. Денесінде зорлық-зомбылық белгілері анықталмады", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Полиция азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және тексерілмеген ақпаратты таратудан бас тартуға шақырады.
Қарағандыда анасы мен қызын өлтірген ер адамның денесі табылды