АСТАНА, 27 наурыз – Sputnik. Украина дағдарысы АҚШ-тың бұрынғы әкімшілігінің және Украинадағы төңкерісті қолдаған бірнеше еуропалық елдің кінәсінен болды, деп мәлімдеді Ресей президенті Владимир Путин.
"Дағдарыстың өзі бұрынғы АҚШ әкімшілігінің де, бірқатар жетекші еуропалық елдің де кінәсінен болды. Олар Украинадағы төңкерісті қолдады. Бұл кейіннен Украинада әлі де болып жатқан қайғылы оқиғалар тізбегін тудырды", - деді Путин Ресей Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелерімен кездесуде.
Ол сонымен қатар Ресей Еуропамен қарым-қатынасты қалпына келтіруден ешқашан бас тартпағанын айтты.
"Біз бұл қарым-қатынастарды дамытудан, қалпына келтіруден ешқашан бас тартқан емеспіз", - деді Ресей президенті.
Владимир Путин Ресейдің Еуропа елдерімен қарым-қатынасы дағдарыста тұрғанына Мәскеу кінәлі емес екенін жеткізді.