АСТАНА, 27 наурыз – Sputnik. 27 наурызда Шымкентте Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысы өтеді.
Күн тәртібінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің интеграциялық өзара іс-қимылын арттыру, кедендік әкімшілендіруді, өнеркәсіптік кооперацияны жетілдіру, интеграцияланған ақпараттық жүйені дамыту, одақ елдеріндегі тұтынушылар құқықтарын және макроэкономикалық ахуалды қорғау мәселелері талқыланады.
Отырысқа Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов, Ресей үкімет басшысы Михаил Мишустин, Беларусь премьер-министрі Александр Турчин, Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев, Қырғызстан министрлер кабинетінің төрағасы – президент әкімшілігінің басшысы Әділбек Қасымәлиев, Арменияның вице-премьері Мгер Григорян қатысып жатыр.
Іс-шараға ЕАЭО жанындағы бақылаушы мемлекеттер де қатысады. Олар: Иранның Қазақстандағы елшісі Әли Акбар Джоукар, Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Арипов, Куба премьер-министрінің орынбасары және сыртқы сауда және шетелдік инвестициялар министрі Оскар Перес-Олива Фрага.
2026 жылы Қазақстан Еуразиялық экономикалық комиссия органдарында, оның ішінде үкіметаралық кеңесте төрағалық етеді.