Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Ресей қазір Украинадағы қақтығысқа басымдық беріп отыр – Рубио

Sputnik
АСТАНА, 27 наурыз – Sputnik. АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Мәскеудің Иранға қолдау көрсету деңгейі туралы сұраққа жауап бере келе, Ресей қазір ең алдымен Украинадағы қақтығысқа басымдық беріп отырғанын мәлімдеді.
Рубио БАҚ-та жарияланған Ресей Иранға қолдау көрсетуі мүмкін екендігі туралы хабарламаға түсініктеме бере отырып:

"Ресей қазір ең алдымен өзі қатысып жатқан қақтығысқа (Украинамен – ред.) басымдық беріп отыр. Бұдан басқа, әзірге айтарым жоқ", – деді журналистерге.

28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иран аумағындағы нысандарға соққы жасауды бастады. Тегеран Израиль аумағына, сондай-ақ Батыс Азиядағы АҚШ әскери нысандарына жауап соққысын жасады.
Иран төңірегіндегі шиеленіс Ормуз бұғазының жабылуына әкеліп соқтырды – бұл Парсы шығанағы елдерінен әлемдік нарыққа мұнай мен сұйытылған табиғи газ жеткізілетін негізгі бағдар.