АСТАНА, 27 наурыз – Sputnik. Қазақстан сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Иран Ислам Республикасы сыртқы істер министрі Аббас Аракчимен телефон арқылы сөйлесті.
Тараптар Таяу Шығыстағы қазіргі жағдайды талқылап, екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.
"Сұхбат барысында Ермек Көшербаев ирандық әріптесіне Иран төңірегіндегі жағдайға байланысты алаңдаушылық білдіріп, осыдан бұрын Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдегендей Қазақстан тарапы Түркістан қаласын бейбіт келіссөз өткізуге алаң ретінде ұсынуға дайын екендігін растады", - деп жазылған СІМ хабарламасында.
Сонымен қатар, тараптар екіжақты қатынастардың өзекті мәселелері бойынша диалогты жалғастыруға келісті.