АСТАНА, 27 наурыз – Sputnik. Шымкентте Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысы өтті.
Отырысқа Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов, Ресей үкімет басшысы Михаил Мишустин, Беларусь премьер-министрі Александр Турчин, Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев, Қырғызстан министрлер кабинетінің төрағасы – президент әкімшілігінің басшысы Әділбек Қасымәлиев, Арменияның вице-премьері Мгер Григорян қатысты.
2026 жылы Қазақстан Еуразиялық экономикалық комиссия органдарында, оның ішінде үкіметаралық кеңесте төрағалық етеді.