Әскерилер асханадағы ас мәзіріне электронды жүйе арқылы баға береді

Пилоттық жоба Астанадағы әскери бөлімде енгізілді
Sputnik
АСТАНА, 27 наурыз – Sputnik. Қазақстан Ұлттық ұланының әскери қызметшілері асханалардағы тамақтану сапасын электронды жүйе арқылы бағалай алады.
Ұлттық ұланның әскери қызметшілері тамақ сапасын электронды жүйе арқылы бағалай алады
Пилоттық жоба Астанадағы 5573 әскери бөлімінде енгізілді. Арнайы панельдің көмегімен берілген баға бірден азық-түлік жеткізушілері мен команда басшылығына жолданады.
"Бұл жүйе бізге өз пікірімізді еркін білдіруге мүмкіндік береді. Біз қандай тағамдар ұнағанын және қайсысы ұнамайтынын бірден бағалай аламыз. Осының арқасында асханада тамақтану сапасы айтарлықтай жақсарып келеді", - дейді әскери қызметкер Нұралы Жазит.
Тамызға дейін жаңа жүйеге талдау жүргізіледі, содан кейін ол Ұлттық Ұланның қалған әскери бөлімдерінде енгізіледі.