АСТАНА, 24 наурыз – Sputnik. Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин Қазақстанға келді.
Ол Астанадағы үкіметтік келіссөздерге қатысады.
Мишустин сонымен қатар 26-27 наурызда Шымкентте өтетін Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысады. Сапары барысында ресейлік премьер-министр Digital Qazaqstan 2026 форумында сөз сөйлейді.