АСТАНА, 24 наурыз – Sputnik. Колумбияда Hercules C-130 әскери ұшағы апатқа ұшырады. Соңғы мәліметке сәйкес, 66 адам қаза тапты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Caracol телеарнасы таратқан мәліметке сәйкес, ұшақ Пуэрто-Легуисамодан ұшып шыққан. Бірақ аспанға көтеріле алмай, әуежайдан 1,5 шақырым шалғай жерде құлаған.
Апатқа ұшыраған әскери ұшақ бортында 128 адам - экипажджың 11 мүшесі және 114 әскери болған. Қазіргі кезде 66 адамның қаза тапқаны расталып отыр. Олардың ішінде ұлттық армияның 58 өкілі, әуе күштерінің 6 өкілі және ұлттық полицияның 2 өкілі бар.
Ұшақ апатының себебі әзірше белгісіз. Қорғаныс министрлігінің мәліметі бойынша ұшақ шабуыл жасау белгілері анықталмады. Өрт кезінде бортта болған оқ-дәрілер жарылған.