АСТАНА, 24 наурыз – Sputnik. Германия Украинаның Ұлттық гвардиясының қажеттіліктері үшін Украинада дайындалған 15 мың тосқауылшы дронды қаржыландырып береді, деп хабарлайды РИА Новости.
"Германия Украинада дайындалған 15 мың STRILA тоқауылшы дронды қаржыландырып, Украинаның Ұлттық гвардиясының бөлімшелеріне береді", - деп жазылған хабарламада.
Бұл жеткізу жақында қол қойылған көп миллион долларлық келісімнің бөлігі ретінде көрсетілген. Алайда келісімнің нақты сомасы жарияланбаған болатын.
Бұған дейін Quantum Systems технологиялық компаниясы Украинаның қорғаныс стартапы Frontline Robotics-пен "Build With Ukraine" бастамасының бөлігі ретінде дронды жаппай өндіру туралы келісімге қол қойған болатын.
Ресей Украинаға қару-жарақ жеткізу қақтығысты реттеуге кедергі келтіреді, НАТО елдерін қақтығысқа тікелей тартады деп санайды. Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украинаға арналған қару-жарақ бар кез келген жөнелтім Ресей үшін заңды нысана болатынын мәлімдеді.